Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар

Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

17.01.2025
1 мин
0
186
Сурет: kaz.inform.kz

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Түрксіб ауданында ағаштарды заңсыз кесу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көшпелі тексеру барысында Жер ресурстарын басқару департаменті, полиция департаменті және Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 50 жылдан асқан емен ағашының заңсыз кесілгені расталды (жасыл желектерді тексеру актісі жасалып, ағаштардың түрі, жасы және діңінің диаметрі көрсетілді). Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар жалпыға ортақ жерлерде өскенін және сирек кездесетін әрі жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген. 

Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы ("Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы қаласындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, заңсыз кесілген, жойылған немесе сирек және жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген жасыл желектерге қатысты сол түрдегі (қосымша түрлерін) өсімдіктердің орнына жүз есе көлемде ағаш отырғызу қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.

Айта кету керек, Басқарма уәкілетті орган ретінде 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне" енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат бермейді.

Іс Алматы қаласының полиция департаменті мен Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл