Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы автобустардың бірінде жолаушы соққыға жығылғаны көрінетін видео тарады. Полиция жәбірленушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Желіде тараған видеода ақ жейде киген ер адам егде жастағы жолаушыны ұрып жатқаны анық көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, ерегіс автобус салонынан түскеннен кейін де жалғасқан. Жанжал қарт адам кәмелетке толмаған қызға тиіскеннен кейін шыққаны айтылады. Алайда бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.
Алматы gолиция департаменті видеоны қарап, күдікті ер адамды ұстаған.
- Оқиғаға байланысты Әуезов ауданы Полиция басқармасына қарасты бөлім тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы және жәбірленушінің қайда екені анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі, – деді ведомство өкілі.