Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда екі ұлын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталған оқиға бейсенбі күні жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әжеcінің қарауында болған балаларды әкесі ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Балалардың үлкені 5 сыныпта, ал кішісі 2 сыныпта оқыған.
Куәгерлердің айтуынша, қаскөй әке балаларды өлтіргеннен кейін бейнежазбаға түсіріп, бауырларының біріне жіберген. Сондай-ақ бұл әрекетті есірткігі елітіп немесе ащы судың буымен жасады деген болжамдар да айтылды. Алайда бұл ақпараттар әлі нақтыланбады. Ер адамның балаларды қандай қарумен, қалай өлтіргені де белгісіз. Тек марқұмдардың бетінен тілінген пышақ іздері байқалған.
Балалардың кішісі менингит ауруына шалдығып, есту қабілеті нашарлаған. Оқу маусымы басталғаннан бері үйден білім алыпты. Әкесі баланы өзі апарып, емдетіп жүрген. Туыстарының ауруханаға апарамын деген қаскөйдің сөзіне сеніп қалуының да бір себебі осы.
«Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталып жытыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.