Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласында есірткі заттарын заңсыз дайындаумен және сақтаумен айналысты деген күдікпен жас отбасылық жұпты ұстады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның сөзінше, одар Telegram арқылы жетекшіден алған нұсқау бойынша әрекет етіп отырған.
— Күдіктілер прекурсорларды ары қарай синтетикалық есірткі дайындау үшін алып кетіп жүрген. Дайын өнімді қаптап, одан әрі сату үшін орамалар жасаған. Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Данияр Мейірхан.