Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда “JAS GALA” фестивалі басталды
Жаңалықтар

Алматыда “JAS GALA” фестивалі басталды

06.03.2025
мин
0
334

Алматы қаласында қалалық студенттік көктем "Jas Gala - 2025" шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Дәстүрлі шараға Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған айтулы шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, "Алматы студенттер альянсы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау, олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамды қалыптастыру.

Фестивальге қаланың 30 жоғары оқу орны мен 26 колледжінен 650 өтінім келіп түсті. Жалпы қатысушылар саны 2500-ден асты.

Биылғы "Jas Gala" студенттік көктем шығармашылық байқауы мына атаулы даталарға арналады: Жұмысшы жастар жылы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы, Н.Тілендиевтің 100 жылдығы, Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы.

Бір айға созылатын фестиваль барысында қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр бағыттары бойынша бақ сынайды. Фестиваль аясында өнер майталмандарының қатысуымен шеберлік сабақтар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады. Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңге.

Шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Нұрсұлтан Болатұлы Бекқайыров ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

- Құрметті достар! Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастардың жан-жақты дамуына бағытталған түрлі жүйелі жобаларды ұйымдастыруға әрқашан дайын. Осы жоба аясында сіздерге үлкен жеңістер тілейміз. Біз "Алматы студенттер альянсына" басқарма атынан және өз атымнан алғысымызды білдіреміз. Алдағы жылы жобаның жүлде қорын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі ашылу салтанаты құтты болсын, нағыз өнерпаздар жеңіске жетсін, - деді ол.

"Алматы студенттер альянсы" қоғамдық қорының төрағасы Жасұлан Бостандықұлы да қатысушыларға өз алғысын білдірді.

- Жастардың бұл жобаға деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Барша қатысып жатқан студенттерге және бізге қолдау көрсеткен жоғары оқу орындары мен колледж басшылығына шын жүректен алғыс айтамыз! Алдағы бір ай ішінде оқу орындарында іріктеу кезеңдері, қалалық деңгейдегі жартылай финал және финалдық сайыстар өтеді. Тек үздіктер ғана жеңіске жетсін! Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!, - деді Ж.Бостандықұлы.


Бүгінде Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 695 мыңнан астам тұрғын тұрады (қала тұрғындарының жалпы санының 32%-ын құрайды). Оның ішінде 35 жоғары оқу орнында және 88 колледжде 286 мыңнан астам студент білім алуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл