| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен дәстүрлі «Jas Gala» қалалық студенттік көктем фестивалі бесінші жыл қатарынан салтанатты түрде бастау алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биылғы айтулы шараның мақсаты — университет аралық байланысты нығайту, студенттердің басын шығармашылық алаңында біріктіру және талантты жастардың кәсіби шыңдалуына жол ашу. Фестиваль тек жарыс қана емес, сонымен қатар жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, интеллектуалдық әлеуетін арттыратын мәдени платформаға айналды.

Салтанатты шараның ашылуында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастарды әлеуметтендіру және ақпаратпен қамту бөлімі басшысы Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- «JAS GALA» – бұл жай ғана байқау емес, талантты жастардың басын қосатын үлкен мүмкіндік алаңы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, шығармашыл жастар – ұлтымыздың асыл қазынасы. Бүгінгі жас буын – өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті және әлемдік деңгейде танылып жатқан ерекше толқын. Биылғы жылдың көктемі жаңа өзгерістерге толы болды. Мемлекетіміз үшін маңызды тарихи сәт Жаңа Конституция қабылданды. Дәл осы маңызды сәттің қабылдануына жастар да белсене қатысты. Біздің басты міндетіміз – жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Сондықтан «Алматы қаласын дамыту бағдарламасы» аясында креативті индустрия мен жас дарындарды қолдауға ерекше басымдық беріп келеміз. Мұндай жобалар сіздер мен жарқын болашақ арасындағы алтын көпір болмақ. Барша қатысушыларға сәттілік, өнерлеріңіз өрге жүзсін, - деді ол.
Биылғы додаға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының ең белсенді әрі өнерлі студенттері қатысуда. Байқаудың университет базасында іріктеу сайыстары 11-16 сәуір аралығында, жартылай финал мен финалдық кезеңдер 17-26 сәуір аралығында жоспарлануда.

Байқау келесі 5 негізгі бағыт бойынша өтеді: Вокал, Хореография, Мобилография, Аспаптық орындау, Театр. «Jas Gala» — бұл жай ғана байқау емес, бұл — жас таланттардың бағын ашатын үлкен трамплин. 7 500 000 теңгелік жүлде қоры студенттердің креативті жобаларына инвистиция болса, мәдениет және өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасу — баға жетпес тәжірибе. Әрбір қатысушы өз бағыты бойынша кәсіби кеңес алып, үлкен сахнаға жолдама алады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп, ауқымды гала-концертке ұласады.