Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АЛМАТЫДА «JAS GALA» СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

АЛМАТЫДА «JAS GALA» СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

15.05.2024
1 мин
0
228

Алматыда қалалық студенттік көктем фестивалі өз мәресәне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ҚҚ ұйымдастырған Алматы қаласының шығармашыл жастары арасындағы «Жас Гала» фестивалі өз мәресіне жетті.     

        Фестиваль Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын қосты. 05 сәуір - 14 мамыр аралығында студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр бағыттары бойынша сынға түсті.

  Байқауға қатысу үшін барлығы 30 ЖОО және 23 колледжден  529 өтінім келіп түсті. Жалпы жобаға 2 500-ден астам студент қатысуға ниет білдірді.

Ұйымдастыру алқасына байқауға қатысу үшін барлығы 2645-тен астам  студентті қамтыған 30 ЖОО-нан және 23 колледжден 529 өтінім келіп түсті, оның ішінде вокал бағыты бойынша – 161, актерлік шеберлік (театр) бағытына – 56, хореография бойынша – 65, аспаптық орындау – 68, мобилография бойынша – 179 өтінім жіберілді.

2024 жылғы 14 мамыр күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қалалық студенттік көктем фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

        «Вокал» бағыты бойынша гран-приды Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінің студенті Мұхтар Аружан иеленді. Ал, «Аспаптық орындау» бағыты бойынша Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінің «Парасат» ансамблі, «Хореография» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Dance Zone 27» би тобы иеленді. «Театр» бағыты бойынша  Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Нүкте» тобы, «Мобилография» бағыты бойынша Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінің студенті Бейбітұлы Ардақ иеленді.

        Жастар Саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Ермекұлы «JAS GALA» шығармашылық байқауының, жылдан-жылға деңгейінің өсіп жатқанын айтып, барша қатысушылар мен кеш қонақтарына өз алғысын білдірді:

        «Құрметті достар! Алматы жастар саясаты басқармасы 2021 жылдан бастап Жас гала жобасын бастады. Сол уақыттан бастап  екі жылдан астам уақыт өтті. Бүгін міне, Жас галаның 3-фестивалі өту үстінде. Жылдан-жылға өтінімден саны да,қатысушылар саны артып жатыр. Құрметті жастар! Алматының төрінде барша жалынды жастардың басын қосып,осындай ерекше атмосфера жасап жатқанымызға қуаныштымыз! Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Сонымен қатар фестиваліміздің әр кезеңінде әділ төрелік еткен әділқазы алқаларына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Осыншама еңбектің арқасында бүгін көптен күткен марапаттау рәсіміне де жетіп жатырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік!»

        Алматы студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы барша қатысушыларды өз марапаттарымен құттықтап ізгі тілегін білдірді:

 «Бүгін мінекей бір айдан астам уақыт бойы жүзеге асқан жоба өз мәресіне жетіп жатыр. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар шықты. Барша жеңімпаздарды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Марапаттарыңыз құтты болсын!»

      Қатысушыларды бағалауға арнайы мәдениет және өнер қайраткерлері, мәдениет майталмандары шақырылды. Оның ішінде ҚР Еңбек сіңірген дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев, Алматы қаласы мәжіліс депутаты Серік Есматов, Мәдениет саласының үздіктері Нұрлан Әсімұлы, Эльза Карабалина, Тасболат Ишанұлы,   ЖОО және колледж басшылары қатысты.

         ҚР  Еңбек сіңірген дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев жеңімпаздарды марапаттап, өз тілегін білдірді:

        «Құрметті Алматы жастары! Расымен-ақ талантты да өнерлі жастарымыздың саны күннен-күнге артуда. Сіздердей жалынды жастарды көргенде бір марқайып қалатыным рас. Өсе беріңіздер,дами беріңіздер! Өздеріңіздей өнерлі жастар тұрғанда қазақ өнері мәңгі жасары анық! Рақмет.»

        Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл дәстүрлі шара қаламыздың талантты жастарын анықтауға үлкен мүмкіндік беріп келеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл