Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
Жаңалықтар

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды

24.10.2023
1 мин
1
798

25 қазан – Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлері марапатталды. Биыл Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жобада 13 жас 1 000 000теңгенің иегері атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

2021 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесуде «Тәуелсіздік ұрпақтары – жаңа Қазақстанның басты символы» деп, жастарға үлкен сенім артқан болатын. Сол жылдан бастап Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жүзеге асырылып, жастардың жігерлі бастамаларына қолдау көрсетіліп келеді.

Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырылды. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Конкурсқа Алматы қаласының 14-35 жас аралығындағы жастарынан 100-ден астам өтінім келіп түсті. Арнайы комиссия бағыттар бойынша жұмыстарды бағалап, үздіктерді анықтады.

Гранттар бизнес, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар, ғылым бағыттарында берілді. Жеңімпаздар өз идеяларын бір жылдың ішінде жүзеге асырып, есеп тапсырып отырады.

Жеңімпаздарды марапаттауға Алматы қаласы Мәслихаты төрағасы Мейіржан Батырбекұлы, мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері қатысты.

Мейіржан Батырбекұлы жоба жеңімпаздарын Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді:

«Биыл тұңғыш рет Алматыда жастардың бастамаларын қолдау үшін«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жергілікті деңгейде ұйымдастырдық. Бұл жаңа бастамаларға үлкен қолдау. Бүгінжүзден жүйрік, мыңнан оза шауып, жеңімпаз атанған жастарды шын жүректен құттықтаймын! Жобаларыңыз сәтті жүзеге асып, қоғам үшін қызмет ете берсін!»

 

Еске сала кетейік, жобаға өтінімдер қабылдау Халықаралық жастар күніне орай басталса, Республика күніне орай өз мәресіне жетті.

Мәдениет бағыты бойынша жеңімпаз Тұрарбек Ақерке: «Алматы Технологиялық Университетінің 1 курк магистрантымын, Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн саласында білім алып жатырмын. Осы жобаға ұлттық элементтері бар сырт киім коллекциясын жасау жобасын ұсындым. Осы жобаны ұйымдастырушыларға, комиссия мүшелеріне өте ризамын, алғыс айтамын. Республика күні құтты болсын!» - деп өз әсерімен бөлісті.

Жеңімпаздар сертификатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Алматы қаласы бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантыт иегерлерінің тізімі

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» бағыты:

1. Абдраимова Диана Бауыржанқызы, Көпболсын Маржан Маратқызы, Бағдоллаұлы Есен, Шаймерде нов Олжас Арманович, Букенбаев Берекет Рахимбайұлы – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ магистранттары;

2. Акылбеков Олжас Наурызбаевич – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, аға оқытушы

«МӘДЕНИЕТ» бағыты:

3. Хунанбай Жансая – №202 мектеп-гимназиясының мұғалімі;

4. Тұрарбек Ақерке Манарбекқызы – Алматы технологиялық университетінің  магистранты;

«МЕДИА» бағыты:

5. Ыдырыс Алмат Болатұлы – «Балапан» ТК анимациялық жобаларда қоюшы-режиссер;

6. Қызайбай Самал Қайратқызы – банк қызметкері;

«БИЗНЕС» бағыты:

7. Маннапова Гульназа Тайырқызы – жеке кәсіпкер;

8. Даутов Адлет Берикович – жеке кәсіпкер;

9. Бердыбеков Динмухамед Бауржанұлы – «Тұран» университетінің 2-курс студенті;

10. Мубарак Мирас Талғатұлы – жедел жәрдем станциясының фельдшері;

«ҒЫЛЫМ» бағыты:

11. Аманов Бекзат Ондасынулы – әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушы;

12. Ысқақов Мағжан Серікұлы – №202 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі;

13. Исмагулова Аида Жанатовна – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әкімшілік департаментінің бас менеджері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Ж
Жанар 25.10.2023
Құттықтаймын!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл