Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді.
Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама 8 ақпанында түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін "Шоқан Уәлиханов" атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін.
Басқарма хабарламасына сүйенсек, митинг "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң талаптарына сай.
"Сондықтан, заңға сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 1/35 қаулысы бойынша көрсетілген митингіні өткізуге келісім берілді", - делінген хабарламада.