461.39
534.75
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлттық мұра – рухани қазына» іс-шарасы өтті
Мәдениет

Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлттық мұра – рухани қазына» іс-шарасы өтті

05.07.2026
мин
0
9

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Адам ресурстары «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі және Жетісу ауданының демалыс орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлттық мұра – рухани қазына» атты мерекелік іс-шара өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, патриоттық сезімін арттыру, қазақ халқының дәстүрлі өнерін насихаттау және домбыраның ұлттық мәдениеттегі ерекше орнын кеңінен таныту болды.

Шарамызға Жетісу ауданының «Сәулем-ай» демалыс орталығының оқушылары қатысып, домбыраның халқымыздың тарихымен және ұлттық болмысымен тығыз байланысты екеніне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ұлттық өнердің құндылығын танып, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды.

«Ұлттық мұра – рухани қазына» іс-шарасы жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық сезімін нығайтуға және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылардың ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге деген қызығушылығы артып, қазақ халқының рухани мұрасы мен домбыра өнері туралы танымы кеңейді. Сонымен қатар жастар арасында ұйымшылдықты, бірлікті және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл