Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ жаудырған снайпердің кім екені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Арнайы прокурорлар сот молекулярлық-генетикалық сараптама арқылы Алматы қаласында көз жұмған снайпердің жеке басын анықтаған.
"Барлығы 4 оқ атушы болды. Снайпердің денесін жақтастары өздерімен бірге алып кетіп, қалалық аурухана маңына қалдырып кеткен", - деді Қилымжанов.
Ол "С" есімді азамат болып шыққан. Қаңтар оқиғасы кезінде ол тұрғын үйдің шатырына шығып, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ атқан.
Қазіргі таңда қалған үш террористі анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, деді бас прокуратура.