Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда Қытай мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жеңілдетуге қарсы митингке шыққан адамдар ұсталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы халықты орталық саябақта жиналуға шақырған болатын.
Куәгерлердің айтуынша, митингке шыққан белсенділер арнайы плакаттар ұстап келген. Бірақ көп адам жиналмаған. Прокуратура мен әкімдік қызметкерлері де келді. Олар митингтің заңсыз және ондай шара үшін жауапкершіліктің бар екенін ескертті. Кейін жиналған адамдарды үйге қайтуға шақырды. Алайды ешкім кеткен жоқ. Сондан соң полиция кейбір қатысушыны ұстап әкетті.
Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда шекарадан өткеннен кейін 30 күн визасыз жүре алады. Ал шығып қайта кіретін болса, осы мерзім алты айдың ішінде 90 күннен аспауы шарт. Одан артық уақытқа қаламын десе, визаға өтініш беру керек. Визасыз жүру үшін жол жүру құжаттары болуы қажет.
фото: Stan.kz