Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жер телімін заңсыз пайдаланған 100-ден астам тұлға анықталды
Жаңалықтар

Алматыда жер телімін заңсыз пайдаланған 100-ден астам тұлға анықталды

17.06.2024
1 мин
0
667
Фото: admbelgor.ru

Алматы облысының прокуратурасы жер учаскелерінің мақсатын өзгерткені үшін жер пайдаланушылардың 1,5 млрд. теңге төлемеу дерегін анықтады, деп хабарлайды dauletten.kz.

Заң бойынша, мұндай әрекеттерді жасаған кезде жер учаскесінің иесі жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеуге міндетті.

Облыс бойынша осындай 100-ден астам жер иесі анықталды.

«Қабылданған шаралар бойынша бүгінгі күні бюджетке 236 млн. теңге қайтарылды, қалған сома өндіріліп жатыр. Сонымен қатар 2024 жылы 2,5 млрд. теңге тұратын, аумағы 12,5 мың га пайдаланылмаған жер 155 учаскелері қайтарылды. Мысалы, 2020 жылы Қонаев қаласында бір кәсіпорынға гидроэлектростанция салу үшін аумағы 500 га 5 жер учаскесі берілді. Алайда құрылыс осы күнге дейін басталмаған. Тағы бір мысалда, Іле ауданында «Solid Cristal» ЖШС-ға 339 млн. теңге тұратын 38 га учаске берілді. Учаске алты жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған», - делінген ақпаратта.

Облыс прокуратурасының шараларымен бұл учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

1 млн. га жуық пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл