Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының Түрксіб ауданында жол апаты орын алып, оның салдарынан мопед жолаушысы көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға бүгін таңертең, яғни 5 қарашада, сағат 05:40 шамасында Ержанов көшесінде болған.
Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, мопед жүргізушісі Ержанов көшесімен солтүстік бағытта жүріп, қарсы жолаққа шығып кетіп, оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мопедтің жолаушысы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаны тергеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Құзырлы органдар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қала тұрғындарын сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақыруда.