Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоздың соқтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті. Оқиға 26 қарашада сағат 11:40 шамасында Алмалы ауданында болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесінен өту кезінде батысқа қарай қозғалған тепловозбен соқтығысқан.
Соқтығыс нәтижесінде автобустың алты жолаушысы жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.