Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
4 наурыз күні таңғы уақытта Алматыда автобус жүргізушісі әйел мен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Dauletten.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының жол полициясы өкілдерінің ақпаратынша, жол апаты таңертең Медеу ауданында болған.
«Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға бұрылып, бағдаршамда шығыс бағытта жолдың бөлігін кесіп өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен», - деп хабарлады полицейлер.
Ведомство әйел қаладағы ең жақын ауруханалардың біріне жеткізілгенін хабарлады. Бала зардап шекпеген.
«Қазір Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті.