Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы әкімінің орынбасары мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында қаладағы сейсмикалық мәселелер жайлы сөз қозғады. Мегополисте 27 тектоникалық жарық сызығында 1116 нысан орналасқан, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Асқар Әмриннің сөзінше Алматы сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан. Жыл сайын Алматы қаласынан 90 шақырым радиуста 200-300-ге дейін, ал 30 шақырымдық аумақта 50-100 әлсіз дүмпу тіркеледі екен.
«2017-2018 жылдар кезеңінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сейсмикалық төзімділік тұрғысынан қаланың 10 158 объектісіне паспорттау жүргізілді. Нәтижесінде 3 087 нысан сейсмикалық төзімді емес деп танылды. Тектоникалық ақаулар аймақтарында 1116 нысан бар. Оның сейсмикалық төзімдісі тек 754-і ғана», – Асқар Әмрин.
фото: baq.kz