Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
13 сәуір күні Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қаладағы кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әуезов ауданының тұрғындарының бірі қала басшысынан қарбалас уақыттағы кептеліс мәселесін қалай шешетіндерін сұрады. Ол бұл мәселемен бұрынғы әкімдерге жүгінгенін, бірақ ешқандай шешім қабылданбағанын жеткізді.
«Қала бір орында тұрмайды. Қазір екінші кезеңмен айналысып жатырмыз. Жыл соңына дейін толық сұлбасы анық болады деп үміттенеміз. Жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі тек Алматыда ғана емес. Үлкен трафик кезінде бағдаршам бағыттарының ауысу жиілігі жасанды түрде басқарылады", – деді Досаев.
Сондай-ақ әкім Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін созылатынын айтты.
Мегаполис басшысы бүгінде мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын, мамыр айында конкурс аяқталатынын атап өтті.
«Жұбанов көшесін (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартуға ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алдық. Сатып алуға жататын 307 учаске анықталды», – деді әкім.
фото: liter.kz