Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен өкілетті органдардың қатысуымен "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде екі айға созылған кешенді тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Рейд барысында әр пәтер бойынша меншік иелері туралы толық деректер базасы жасақталды. Онда тұрғындардың жұмыс орны, байланыс мәліметтері, тіркелген қаруы, құқық бұзушылық тарихы және жалға беру фактілері қамтылды.
Тексеру нәтижесінде 1000-ға жуық заңбұзушылық анықталды, соның ішінде:
• көші-қон заңнамасын бұзу – 120 жағдай;
• қоғамдық тәртіпті бұзу – 98 жағдай;
• пәтерді заңсыз жалға беру – 114 жағдай;
• жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған пәтерлер – 22;
• жол қозғалысы ережелерін бұзу – 567 жағдай;
• алкоголь өнімін заңсыз сату – 7 жағдай.
Прокуратураның хабарлауынша, жүргізілген ауқымды жұмыстардың басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті күшейту және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.