Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашылды
Жаңалықтар

Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашылды

11.04.2025
1 мин
0
239
Сурет: Dauletten.kz

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Қытайға Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы жаңа маусымдық бағыты бойынша билеттерді сатылымының басталғанын хабарлайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алғашқы рейс 2025 жылдың 18 мамырына жоспарланған. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

FlyArystan бұл бағытта қызмет көрсететін алғашқы қазақстандық әуекомпания болмақ. Инин, сондай-ақ Құлжа атауымен белгілі қала, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында орналасқан және Іле-Қазақ автономиялық аймағының әкімшілік орталығы қызметін атқарады. Қазақ диаспорасының басым көпшілігі осы қалада тұрады. Инин Қазақстан мен Қытай шекарасындағы негізгі көлік торабы Хоргос маңына жақын орналасқан. Алматыдан Ининге дейінгі жол құрлықпен орта есеппен 10 сағатты алса, рейспен шамамен бір сағат уақытты алады.

Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша билет бағасы барлық салықтар мен жолжүкті қоса алғанда бір бағытқа 15 000 теңгеден басталады. Билеттер www.flyarystan.com ресми сайтында, мобильді қосымша арқылы және басқа сату арналары арқылы брондауға қолжетімді.

Сонымен қатар FlyArystan бұған дейін Астанадан Үрімшіге 2025 жылдың 13 сәуірінен бастап аптасына екі рет орындалатын рейстердің қайта басталатынын жариялаған болатын. Астанадан ұшу бейсенбі және жексенбі күндері жоспарланған, ал Үрімшіден кері рейстер дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Айта кетейік, 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылы болып жарияланды. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап екі ел арасында визасыз режим енгізілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл