Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматылық медицина қызметкерлерінің үстемақысына қанша миллиард теңге төленді?
Жаңалықтар

Алматылық медицина қызметкерлерінің үстемақысына қанша миллиард теңге төленді?

24.07.2020
1 мин
1
999

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалына COVID-19 эпидемиясымен күреске 9 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгенін мәлімдеді.

Бастапқыда осы қаржының 5,5 миллиард теңгеден артық бөлігі коронавирусқа қарсы мақсатта қызмет етіп жатқан денсаулық сақтау қызметкерлеріне үстемақы ретінде төленбек болған. Кейіннен қосымша үстемақы сомасы артып, 6,68 миллиардқа жетті.

Пандемияға қарсы күресіп жатқан медицина нысандарын Алматы әкімдігіне қарасты арнайы комиссия анықтаған. Маусым айында Алматы бойынша 5 441 медицина маманына 1,8 млрд теңгеден астам үстемақы алған. Оның ішінде:

Қауіп деңгейі аса жоғары І топқа – 871,1 млн теңге (барлығы 1 407 адам);

Қауіп деңгейі жоғары ІІ топқа – 710,2 млн теңгеден (2 498 адам);

Қауіп деңгейі орташа ІІІ топқа – 227,5 млн теңге (1 536 адам).

Айта кету керек, үстемақының 608,8 млн теңгесі жедел жәрдем қызметіне тиесілі. Сондай-ақ инфекциялық, провизорлық және карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған стационарлар, емхана қызметкерлеріне (фильтрлер, 4-санаттағы жедел жәрдем шақыртулары, лаборанттардан құралған мобильді бригадалар) 1,2 млрд теңге төленді. Жалпы алғанда, 913 дәрігер, 2 677 орта буын медицина қызметкері, 980 кіші персонал, өзге де 871 қызметкер (соның ішінде жедел жәрдем қызметінің 803 жүргізушісі) үстемақы алған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазіргі таңда қалада эпидемияға қарсы іс-шараларға 92 денсаулық сақтау нысаны жұмылдырылған, оның 74-і – емхана.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
К
Кенжегүл 24.07.2020
Кіші персонал санитаркаларға кви бригадасының машинасын,киімін жуған кіші қызметкерлерге ештеңеде төлемеді, сіздер опасный зонаға кірмейсіздер деп.Еш әділдік жоқ.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл