Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алты жылда 9 депутат пен 23 судья заң бұзған
Жаңалықтар

Алты жылда 9 депутат пен 23 судья заң бұзған

03.08.2022
1 мин
0
894

Соңғы 7 жыл ішінде 9 депутат және 23 судья құқықбұзушылық әрекеттер жасаған.

Ranking.kz дерегінше, 2015-2021 жылдар аралығында Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғалары құқықбұзушылық әрекеттерін жиі жасаған. Оларға қатысты жылына орта есеппен 516 қылмыстық іс қозғалады. Яғни, аптасына бұл ведомстваның 10-ға жуық қызметкері заң бұзады.

2015 жылдан бастап ІІМ-нің қызметкерлері жасаған ең жиі құқық бұзушылықтар - пара алу (26%), алаяқтық (16%) және өз өкілеттілігін асыра пайдалану (8%).

Ал, 2015-2021 жылдар аралығында лауазымдық құқық бұзушылық жасаған 23 судьяға қатысты іс қозғалыпты.

Осы аралықта парламенттің қос палатасының депутаттары 9 рет құқық бұзған.

Заңға қарама-қайшы әрекеттер туралы ең аз фактілер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің лауазымды тұлғалары арасында тіркеліпті. Антикордың өкілеттті тұлғалары соңғы бес жылда 5 құқықбұзушылық жасаған. Олардың ішінде сеніп тапсырылған өзгенің мүлігін заңсыз иемдену бойынша 2, жол ережесін бұзған 1 және өзге де заңсыздық фактілері анықталған.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл