Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасов туралы көркем фильм көрерменге жол тартады
Жаңалықтар

Алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасов туралы көркем фильм көрерменге жол тартады

27.09.2024
1 мин
0
133

10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында “Qajymuqan” көркем фильмі көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовқа арналған фильмнің режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, 2020 жылы түсірілімін бастап, 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізген. 

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Қажымұқан Мұнайтпасов - француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

- Ол өзінің артықшылығын өз заманының ең жақсы балуандарына қарсы жеңістерімен дәлелдеді. Қажымұқан өзінің спорттық жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал болған алғашқы қазақ болды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода көрермендер біздің атақты отандасымызға қол шапалақтады, - деді режиссер.

Француз күресінен чемпион атағын жеңіп алған, аса ауыр салмақта өткізілетін классикалық күресте бүкілодақтық және әлем чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ баласының ғұмырын ұлықтау әрі үлгі алу - ұрпақ парызы!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл