Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен дүниеге келген сәбилер мен ата-аналары бас қосты
Жаңалықтар

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен дүниеге келген сәбилер мен ата-аналары бас қосты

01.06.2024
1 мин
0
420

Астанадағы «Экомед» орталығында «Аңсаған сəби» бағдарламасының көмегімен ата-ана атанған отбасылар мен 100-ден астам кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен фестиваль өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы. 

Фестивальге жиналған қонақтарға балаларды ерте дамыту мамандары кеңес беріп, психологпен əртүрлі трансформациялық ойындар өткізілді. Сондай-ақ кішкентай сəбилердің тұсауы кесілді.

Шара ұйымдастырушылары «Аңсаған сəби» квотасы бойынша үш жыл аралығында жалпы саны 6 554 квотаны игерген. 3 540 (54%) пациент жүктілік бойынша есепке тұрған. 2 487 (38%) сəби дүниеге келген. 

«Экомед Астана» орталығы танымал тележурналист Лəйлə Сұлтанқызы құрылтайшысы болған «Mariyam қайырымдылық қорымен тығыз серіктестік байланыста. Президент телерадиокешеніне қарасты «Жібек жолы» телеарнасынан көрерменге жол тартқан «Ана болғым келеді» бағдарламасы аясында 30-ға жуық отбасылық жұпқа тегін ЭКҰ емшарасы жасалған. Бүгінде жоба аясында 9 cəби дүниеге келді, 12 келіншектің аяғы ауыр, 8 жұп кезекті эмбрион тасымалына дайындық үстінде.

«Аталмыш фестивальді ұйымдастыру тікелей ЭКҰ əдісінің көмегімен ата-ана атанған ел азаматтарының бастамасы. Біз тек игі бастаманың ұйымдастырушысымыз. Мемлекеттің атқарып жатқан оң істерінің жемісін көрсетуді əдемі мерекенің қарсаңында ұйымдастыруды жөн санадық», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сəби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Нəтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артқан. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие болуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мəліметі бойынша: мемлекеттік квотаның көмегімен 2021-2023 жылдар аралығында 21 000 пациентке ЭКҰ жасалып, олардың 8 000 жүктілік бойынша есепке тұрған, 7 000 сəби дүниеге келген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл