Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін мәжіліс отырысында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бұған дейінгі мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен жасырын жасалған келісімшарттарды халыққа жария етуді талап етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Былтырғы 5 маусымда өткен референдумда Конституцияға «Жер жəне оның қойнауы ... басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» деген норма енгізілген болатын. Партия төрағасының айтуынша, уақыт созбай 15 маусымда осы норманы жүзеге асыру мақсатымен, «Ақ жол» фракциясы үкіметке Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жасалған ең ірі мұнай және газ кен орындары – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған бойынша өнімді бөлу туралы (СРП) келісімшарт талаптарын ашық түрде жария ету туралы сауал жолдаған. Бірақ, 2022 жылғы 15 тамыздағы жауабында Үкімет, инвесторлардың келіспейтіндігін алға тартып, бұл талапқа қарсы болды.
«Сонымен бірге, барлық мұнай-газ және кен орындары бойынша СРП шарттарын ашуды қайта талап етеміз. Сонда ғана, Қазақстан халқы өз байлығын қалай пайдаланып жатқанын білуге; ал Парламенттің бұл салада ұлттық мүддемізді толыққанды қорғауға мүмкіндігі болады», - деді Азат Перуашев.
фото: azh.kz