Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында 2 пойыз бір-бірімен қақтығысқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Электровоз және жүк вагондары Ақмола облысындағы Сұрған станциясында рельстен шығып кетті. Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
9 қазан күні сағат 17:40-та Есіл – Құсмұрын учаскесіндегі Сұрған станциясында электровоз және жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары тартылды, - деді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Компания зардап шеккендер туралы мәлімет бермеді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия оқиға орнына жіберілді, деп атап өтті ҚТЖ.
Көлік полициясында Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімі темір жол көлігі қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қаза тапқандар жоқ. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлімдеді полиция.