Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Екінші тоқсанда Ақмола облысында тағы екі жаңа жайлы мектеп өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өңір әкімдігінің хабарлауы бойынша, республика күні қарсаңында Қабанбай батыр ауылында мектеп-лицей ашылды. Жайлы мектеп 1200 орынға есептелген. Оқушылар үшін жаңа модификациядағы кабинеттер, спорт залдары, STEM-зертхана, кең асхана, кітапхана, спорт алаңы және басқа да көптеген мүмкіндіктер қарастырылған.
Келесі тоқсанда бұл мектепте 800-ден астам оқушы білім ала бастайды. Айта кету керек, мектеп тек Қабанбай батыр ауылы тұрғындарының ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі балалардың да білім алуына қызығушылық танытып отырған орталыққа айналды, – деп атап өтті мектеп-лицейдің директоры Рүстем Жахин.
Осы тұрғыда ауыл тұрғыны өз әсерімен бөлісті.
Біздің көп жылдан бергі арманымыз орындалды, ауданның ең көне елді мекендерінің бірі саналатын ауылымызда жаңа мектеп салынды. Мен 23 жыл мектеп директоры болып жұмыс істедім, ауыл мен қалалардағы жағдайдың бірдей болуын армандамаған едік, – деді педагогикалық еңбек ардагері Светлана Лузанова.
Екінші жайлы мектеп Қаражар ауылында жұмысын бастайды.