Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмола облысында арық суы қызыл-қоңыр түске боялды: экологтар не дейді?
Жаңалықтар

Ақмола облысында арық суы қызыл-қоңыр түске боялды: экологтар не дейді?

09.02.2026
мин
0
220
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Ақмола облысында арықтағы судың қызыл-қоңыр түске өзгеруі жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Мәселе бойынша экологтар тексеру жүргізіп, су сынамаларын алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты Макинск қаласында арықтағы судың түсі қызыл-қоңыр түске өзгеріп, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Жергілікті халықтың айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет емес, соңғы бірнеше жыл бойы қайталанып келеді.

Куәгерлер бұл жағдайды қала маңында орналасқан жылуоқшаулағыш материалдар өндіретін кәсіпорынның қызметімен байланыстырып отыр. Осыған орай Экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, су нысанынан сынамалар алған.

Зертханалық талдау нәтижесінде су құрамындағы кейбір ластаушы заттардың мөлшері рұқсат етілген шекті деңгейден бірнеше есе жоғары екені анықталды. Сонымен қатар тексеріс барысында кәсіпорын тарапынан экологиялық талаптардың толық сақталмағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдау мәселесін қарастырып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл