Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АҚШ пен Қытай арасында сауда-экономикалық қатынас нашарлайды
Жаңалықтар

АҚШ пен Қытай арасында сауда-экономикалық қатынас нашарлайды

08.06.2020
2 мин
0
1177

Қазақстанның Ұлттық банкі елдің қаржы жағдайына арналған болжамды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Банк таратқан мәліметке сәйкес, осы жылы мамыр-маусым айларында карантин шаралары бірте-бірте жеңілдесе де, шектеулердің теріс ықпалы сақталып отыр, экономикалық белсенділік баяулады. Сәуірде жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген адамдардың саны бір мезгілде ұлғайған, ал жалақының өсу көрсеткіші күрт төмендеп кетті. Биыл жалпы ішкі өнім 1,8 пайызға қысқарады деген болжам бар.

"Consensus Economics болжамдарына сәйкес, 2020 жылы ЕО экономикасы 7,7%-ға, Ресейде 4,1%-ға қысқарады, Қытай экономикасы 1,4%-ға дейін баяулайды. 2021 жылы барлық серіктес елде көрсеткіштер күрт қалпына келеді деп болжануда, атап айтқанда, ЕО экономикасы 6,2%-ға, Ресей экономикасы 3,8%-ға, Қытай экономикасы 8,1%-ға өседі", - делінген банктің ресми хабарламасында.

Мұнай нарығы біртіндеп жақсарып келеді. Дегенмен, баға әлі де төмен, ал қазіргі динамика тұрақсыз болып тұр. 1 мамырда ОПЕК+ келісімі күшіне енді. Өткен демалыс күндері ұйымға мүше мемлекеттер қысқартылатын мұнайдың алғашқы көлемін шілденің соңына дейін ұзартуға келісті. Алайда кейбір елдер ОПЕК+ келісімін дұрыс орындамайды деген қауіп бар. Бұдан бөлек, АҚШ пен Қытай арасында сауда-экономикалық қатынастар нашарлайды деген болжам жасалып отыр. Бұның барлығы қазіргі жағдайға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Қазіргі алдын ала бағалау бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында төлем балансының ағымдағы шоты 1,2 миллиард АҚШ доллары сомасында профицитпен қалыптасты.

"Мұнай мен металл өндіру көлемі азайды, бағасы да төмендеген. Әлемдегі экономикалық белсенділік баяулағаннан кейін Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарларына сұраныс азайды. Ағымдағы шот тапшылығының күшеюі теңгенің айырбас бағамына айтарлықтай қысым жасайды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк алдағы жағдай болжам бойынша дамыса, ақша-кредит талаптарын жеңілдету мәселесін қарастыратынын да хабарлады.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл