Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақш-та Флорида штатында "Милтон" дауылы салдарынан шамамен 13 адам қаза тапты. Одан бөлек жергілікті билік өкілдері жарақат алған адамдар саны анағұрлым көп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дегенмен табиғи құбылыс бұған дейін болжанғандай сұрапыл болмады. Себебі жағалауға жеткен тұста желдің екпіні едәуір бәсеңдеген. Десе де Тампа қаласы маңында желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жеткен. Салдарынан бірнеше ауданды су басып, өңір инфрақұрылымына орасан зор зиянын тигізді. Үш миллиондай тұтынушы жарықсыз отыр. Дауыл кезінде мектептерді паналаған тұрғындар қазір үйлеріне қайта бастады. Бұл өңірде қазақтар да көп тұратынын кеше айтқанбыз. Оңтүстік Флорида университетінде докторантурада оқып жатқан Бурхан Әділхановтың хабарлауынша, Тампа маңында өмір сүретін отандастарымыз дін аман.
- Өте үлкен дауыл болады деп есептелген Милтон Тампа қаласынан өтуі керек еді. Бірақ траекториясын өзгертіп, Тампаның оңтүстігіндегі Сарасота қаласына келіп тиді және оның жылдамдығы жағада азайды. Енді қазақтардың барлығы аман. Құдайға шүкір. Енді дауыл өтті. Қазір Атлант мұхитында. Құрлықта ешқандай дауыл жоқ, - деді Бурхан Әділханов.
Естеріңізде болса, бұған дейін Флорида штатында «Милтон» дауылы соғып, салдарынан 2 млн үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған еді. Сонымен қатар Флориданың Spanish Lakes Country Club ауданы қатты зардап шегіп, ол жерде бірнеше адам қаза тапқан болатын.