Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтарды жақын арада банктердің мобильді қосымшалары арқылы барлық ақша аударымдарына салық салынады деген жалған хабар алаңдатты, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты. Бұл туралы ақпарат YouTube арнасында тарай бастады.
Ақша аударымдары туралы айтылған видеоға 8 мыңнан астам пікір жазылса, видеоны 120 мың адам көрген.
Осы орайда, қаржы министрлігі аталмыш ақпаратқа қатысты тағы да түсініктеме берді. Яғни, бұл шара тек заңды тұлғаларға қатысты және салық тек қызмет көрсету немесе тауар сату үшін кәсіпкерлер аударған ақшаға ғана салынады.
"Азаматтардың енді карта арқылы төлеген әрбір сатып алу үшін, достарына немесе туыстарына жасаған ақша аударымы үшін салық төлейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жеке тұлғаларға салық салынбайды және мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ. Аталмыш видеода жалған ақпарат айтылған", – делінген хабарламада.
Әлихан Смайыловтың мобильді қосымша арқылы салық салу туралы айтқаны рас. Десек те, аталмыш заң тек заңды тұлғаларға қатысты.