Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекетте айналымда жүрген барлық ақшаның санын Ұлттық банк бақылайды. Ұлттық Банкті басқа коммерциялық банктермен шатастырып алмау маңызды.
Halyk Bank, Kaspi Bank, CenterCredit Bank және т.б. банктер – екінші деңгейлі коммерциялық банктер болып есептеледі. Қарапайым түрде айтсақ, Ұлттық Банк – барлық екінші дәрежелі банктердің анасы сияқты, олардың банкрот болмауы үшін мүмкіндігінше көмектеседі. Ал коммерциялық банктер - оның балалары сияқты, қиын кездерде Ұлттық Банктен көмек сұрауы мүмкін.
Заң жағынан ақшаның шығарылуы әртүрлі елдерде сәл ерекшеленеді. Мысалы, АҚШ-та Ұлттық Банк функциясын Federal Reserve System орындайды. Бұл агенттік шешім шығару кезінде АҚШ үкіметіне, президентіне бағынбайды. Бірақ, Конгресске есеп береді.
Ал Қазақстандық Ұлттық Банк президентке бағынышты. Сондай-ақ, Ұлттық Банк Үкіметтен 100% бөлек ажыратылмаған.
Тағы көру