Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алдағы уақытта ақшаны басқа валюталармен салыстырғанда еуромен сақтаған тиімді болады. Бұл туралы "БКС Мир инвестиций" компаниясының маманы Михаил Зельцер РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.
«Еуропа экономикасының серпіні АҚШ экономикасының қалпына келуі сатысынан алда келеді. Нәтижесінде, АҚШ-тың қазыналық бағдарламалары долларға девальвациялық қысым көрсететін болады.
Еуро 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында долларға қатысты 1,3-ке дейін күшеюі мүмкін. Бұл ақшаның бір бөлігін шетел валютасының ішінде еурода сақтаған қолайлы екенін аңғартады», - дейді ол.
Сарапшының айтуынша, валюталар ішінде евродан басқа, юань мен иен де осы мақсатта сұранысқа ие болады.
Алайда, бұл жайттардың барлығы рубльдің жағдайын төмендетпейді. Сарапшының пікіріне сүйенсек, биыл бір доллар 70 рубльге, ал еуро 85 рубльге дейін артуы мүмкін. Десе де, ол үшін Brent маркалы мұнайдың баррелі 50 доллардан жоғары болып, АҚШ пен Еуропа тарапынан санкциялық қысымның төмендеуі маңызды.
Тағы көру