Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бразилия 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL әуе компаниясының ұшағына тиесілі “қара жәшікті” ашу жұмыстарын бастады. Бұл туралы бразилиялық G1 порталы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Басылымның мәліметінше, “қара жәшік” Бразилияға сәрсенбі күні жеткізілген. Тергеу процесімен таныс дереккөздің айтуынша, “қара жәшікті” ашу жұмыстары 2 қаңтарда (Баку уақытымен 3 қаңтар) басталған. Жазбадағы деректерді талдау Бразилияның Әскери-әуе күштері (Força Aérea Brasileira – FAB) мамандарының қатысуымен жүргізілуде. Алынған ақпарат Қазақстанның Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясына берілу үшін жауапты агенттікке тапсырылады.