Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында 36 елді мекенді су басу қаупі бар
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 36 елді мекенді су басу қаупі бар

28.02.2024
1 мин
0
1121
Фото: ТЖМ

Көктемгі су тасқынының алдын алуға Төтенше жағдайлар департаменті мыңдаған құтқарушы мен 350 арнайы техника дайындады. Ауылдарды су баса қалса, 15 мыңнан астам адам сыятын қабылдау пункттерін ұйымдастырды, деп хабарлайды Dauletten.kz, 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар қазір синоптиктермен бірге елді мекендерді аралап, қардың қалыңдығы мен топан су басу қаупі бар учаскелерді тексеріп жүр.

«Жылда атқарылып жатқан іс-шаралардың арқасында қазіргі таңда 11 елді мекеннен қауіп толық жойылды. 10 елді мекенде барынша азайтылды. 15 елді мекенде әлі сақталып тұр. Биылғы атқарылған жұмыстардан кейін осы 15 елді мекенде егер қауіп азаятын болса, оларды да осы тізімнен алып тастайтын боламыз», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Еріген қар суы былтыр облыс орталығындағы «Алтын Орда» шағын ауданы тұрғындарын да әбігерге салған еді. Қоқыс пен қарға толы арықтардан асқан су көпқабатты үйлердің ауласын басып, көшелерге жайылды. Мұны ескерген билік биыл ақпанның ақтүтек бораны басыла сала қар шығаруға кірісті. Бүгінге дейін 300 мың текше метрі полигонға жеткізілген. Синоптиктер қардың қашан ери бастайтынын нақты айта алмайды. Алайда қардың астындағы қалың мұздан қызылсудың тез сіңіп кетуі қиын дейді олар.

«Қардың қалыңдығы былтырмен салыстырғанда айтарлықтай аз болғанымен, өте тығыз. Кейбір аудандарда сынама алудың өзі оңай болмады. Себебі қар астында бірнеше қабат мұз да бар. Егер ауа райы былтырғыдай күрт жылыса, еріген қар суы сіңбей, өзен-көлдерге ағады», - дейді инженер-гидролог Галина Станкевич.

Ақтөбе облысында қардың қашан ери бастайтыны наурыздың алғашқы күндері белгілі болады. Дегенмен синоптиктер «өңірдің кей аудандарында көктемнің алғашқы күндерінде-ақ сынап бағанасы нөлден жоғары болады», – деп болжайды. Сондықтан тұрғындар мен жауапты қызмет өкілдері төтенше жағдайға дайын болу тиіс» дейді мамандар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл