Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбе - Қандыағаш автожолында төрт жолақты қозғалыс бағыты ашылды
Жаңалықтар

Ақтөбе - Қандыағаш автожолында төрт жолақты қозғалыс бағыты ашылды

12.12.2024
1 мин
0
323
Сурет: motor.ru

“Ақтөбе-Қандыағаш” автожолының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, төрт жолақты қозғалыс бағыты іске қосылды. Бұл көлік дәлізі Қазақстан мен Ресейді байланыстырып, Астрахан бағытында қатынауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында ұзындығы 96 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар “Ақтөбе-Қандыағаш” жолын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, төрт жолақты қозғалысты ашты.

Ақтөбе облысының автожолдарының жалпы ұзындығы 1869 шақырымды құрайды. Соңғы жылдары оның 117 шақырымы қайта жаңғыртылып, 280 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте “Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға)” автожолының “Ақтөбе-Қандыағаш” учаскесіне ерекше көңіл бөлінді.

- Бұл дәліз аймақ пен еліміздің стратегиялық маңызды бағыттарының бірі саналады. Ол Қазақстанды Ресеймен байланыстырып, Астраханға шыға алуға мүмкіндік береді. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жолдың қауіпсіздігі мен өткізу қабілеті артты. 691 мың тонна асфальтбетон төселіп, 10 көпір, 4 өтпежол, 3 жол айрығы және теміржол арқылы 1 өтпежол салынды. Сондай-ақ, 8 демалыс алаңы мен 18 аялдама абаттандырылып, 1795 жарық шамы орнатылды, – делінген хабарламада.

Бұл жоба Қазақстанның Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан бағытында жолаушылар тасымалы мен транзиттік әлеуетін арттыруға, көлік қозғалысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл