| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде партия қызметін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жаңа цифрлық шешімдер таныстырылды. Жаңа бастамалар азаматтармен байланысты нығайтуға, партия мүшелеріне қолайлы жағдай жасауға және ішкі жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Съезд барысында партияның Бірыңғай цифрлық платформасын қалыптастыру жұмыстарының алғашқы нәтижелері көрсетілді. Бұл жоба алдағы уақытта азаматтар, партия мүшелері және партия органдары үшін қажетті цифрлық құралдарды бір ортаға біріктіретін кешенді жүйе ретінде дамытылады.
Жаңа цифрлық мүмкіндіктердің бірі – партияның қызметтерін пайдалануға арналған бірыңғай жүйе. Енді азаматтар партия мүшелігіне өтінішті QR-код арқылы, eGov порталы немесе осы қызметті қолдайтын банк қосымшалары арқылы бере алады. Бұл процесс өтініш беруді жеңілдетіп, қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Съезде жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген цифрлық көмекшілер де таныстырылды. Олар пайдаланушыларға партияның бағдарламасы туралы ақпарат беріп, мүшелікке қабылдау тәртібін түсіндіреді, жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді және цифрлық сервистерді қолдану бойынша бағыт-бағдар ұсынады.
Партияның цифрлық экожүйесінің маңызды элементтерінің бірі – мүшелерге арналған жеке кабинет. Бұл жүйе партиялық ақпараттарға, хабарламаларға, құжаттарға және басқа да байланыс құралдарына бір интерфейс арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформа дамыған сайын оның мүмкіндіктері де кеңейтіле түспек.
Сонымен қатар партия құрылымдарының жұмысын үйлестіруге арналған цифрлық штабтың пилоттық сынақтары басталды. Аталған құрал тапсырмалардың орындалуын бақылауға, командалық жұмысты ұйымдастыруға және орталық аппарат пен өңірлік филиалдар арасындағы өзара байланысты жақсартуға бағытталған.
Съезде таныстырылған бастамалар «Әділет.365» бірыңғай цифрлық платформасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып отыр. Жаңа жүйе партияның ішкі үдерістерін жетілдіруге, азаматтармен байланыстың жаңа арналарын дамытуға және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Партия өкілдерінің айтуынша, цифрлық шешімдердің басты мақсаты – адамдар үшін қызметтерді барынша қарапайым, түсінікті және қолжетімді ету. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Съезд аясында партияның ресми әнұранының тұсаукесері де өтті. Әділдік, заң үстемдігі, тәртіп пен жауапкершілік идеяларын негіз еткен жаңа әнұран партияның жаңа символдарының біріне айналды.
«Әділет» партиясының цифрландыру бағытындағы бастамалары ұйым жұмысын жаңғыртуға және азаматтармен өзара байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған стратегиялық қадам ретінде бағаланып отыр.