Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Ақтөбеде интернет арқылы құмар ойын ұйымдастырған топтың ісі сотта қаралды
Жаңалықтар

Ақтөбеде интернет арқылы құмар ойын ұйымдастырған топтың ісі сотта қаралды

30.10.2025
мин
0
186
Сурет: Freepik

Ақтөбеде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған 9 адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ 2022 жылдан 2024 жылға дейін интернет арқылы құмар ойындарын ұйымдастырып, жалпы сомасы 306 миллион теңге табыс тапқан.

Қылмыстық табысты жасыру мақсатында топ мүшелері дроперлердің банк карталарын пайдаланып, қаражатты қолма-қол айналдырған. Ал ұйымдастырушылардың бірі бұрын да дәл осындай іс бойынша жауапқа тартылғанына қарамастан, заңсыз әрекетін тоқтатпаған.

Сот шешімімен ұйымдастырушы 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған "Toyota" және "Lexus" көліктері тәркіленді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл