Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында жариялады.
- Бүгін таң атысымен ауыр хабар жетті… Таңғы төрттер шамасында, 85 жасқа қараған шағында, Қазақстанның халық жазушысы, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург әрі талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз өмірден озды. Иә, қасиетті жұмаға қараған түні ақынның жүрегі тоқтады. Қаскелеңдегі қара шаңырағында, ұрпақтарының көз алдында ұзаққа созылған сырқаттан кейін дүниеден озғаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы жеткізді, – деп жазды Бегманов.