Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Аталмыш ақпарат Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфақұрылымын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген. Осыған орай, сарапшылар бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үй келетіндігін анықтады. Бұл туралы krisha.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үздік үштік қатарына Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы енді. Айталық, астаналық әр тұрғынға - 30,5 шаршы метр, алматылықтарға - 29,1 шаршы метр және Маңғыстау облысының әр азаматына 28,4 шаршы метр баспанадан келеді.
Келесі орындарда:
Шымкент қаласы - 27,4 шаршы метр;
ШҚО - 26,5 шаршы метр;
Ақмола облысы - 26,1 шаршы метр;
Атырау облысы - 26 шаршы метр.
Сарапшылардың айтуынша, қалаларда қамтамасыз ету деңгейі ауылдық жермен салыстырғанда жоғары. Мысалы, бір қала тұрғынына шаққандағы тұрғын үй алаңының жалпы ауданы 25,8 шаршы метрді, ал ауылдық жерлерде - 19,8 шаршы метрді құрайды.
Ал ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі. Бір ауыл тұрғынына орташа есеппен 15,8 шаршы метрден келеді.