Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Араб туристері үшін ең танымал қала – Алматы
Жаңалықтар

Араб туристері үшін ең танымал қала – Алматы

22.05.2023
2 мин
0
229

БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр  және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың басқа елдерінде хабар тарататын ZAWYA.com Таяу Шығыстың бизнес басылымы БАӘ туристері маусым айының соңында, Құрбан айт мейрамының 6 күндік демалысында қай елдерге баруды жоспарлап отырғаны туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылым БАӘ туристерінің 80%-ы шетелде демалуды жөн көретінін атап өткен. Бұл ретте, биыл Қазақстанға саяхаттауға сұраныс айтарлықтай өскен. Журналистер мұны жақында Дубайда өткен Arabian Travel Market халықаралық көрмесінде қазақстандық туристік компаниялардың араб туристерін қабылдауды ұйымдастыруға келісімшарт жасағандығымен байланыстырады. Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шарада Қазақстан Таяушығыстық саяхатшылар үшін үздік трендтік дестинация ретінде марапатқа ие болған-тын.

Биыл Алматы қаласы араб туристері арасында ең танымал болып отыр.

Бұдан басқа, бұрын Қазақстан туралы араб тілінде электронды кітап жазған кувейттік журналист және тревел-блогер Халид Альмутаири Қазақстанның көрікті жерлері туралы араб және ағылшын тілдерінде қосымша шығаруға дайындалып жатыр. Ол KazGo деп аталады.

фото: vsegda-pomnim.com

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл