| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз жарақат алып, Алматыдағы әскери-клиникалық госпитальға жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Оқиғаға байланысты Бас әскери полиция басқармасы күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ресми мәліметке сәйкес, тергеу барысында жарғыға қайшы әрекеттер туралы жоғары басшылыққа уақытылы хабарламаған және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда олқылық жіберген лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Тергеу амалдары кезеңінде әскери бөлімнің бірнеше офицері қызметінен уақытша шеттетілді. Істің барлық мән-жайы анықталуда.