Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақ тіліндегі мультфильм өте аз, бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы. Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ті көбірек таңдайды. Балалар “Синий трактор” мен “Маша и Медведь” сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс, - дейді Асхат Аймағамбетов.
2025 жылдың бюджет жобасына қазақ тіліндегі мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлу заңға енгізілді.
Балалардың қазақша контентті тұтынуы бойынша сапалы ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Осыған байланысты Ғылым министрлігіне тиісті ұсыныс жасалды.
- Сонымен қатар, әлемдік хит мультфильмдерді де мемлекеттік тілге аударып, YouTube-ке жүктеу маңызды. Бұл үшін авторлық құқық иелерімен ауқымды жұмыс қажет. Әзірге бұл мәселе толық шешілген жоқ, бірақ алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деді депутат.