Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне оқытушы ретінде қабылданды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады. Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз.
"Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын", – деді Асхат Аймағамбетов.
Ол 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.
Фото: ашық дереккөз