Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің айналасындағы шуға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Dauletten.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
«Шүменов туралы мынаны айтамын, қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ішкі істер министрлігі пікір білдіріп те қойды. Ресми қорытындыдан кейін қосымша түсінік білдіре аламыз. Ол іс қазір құқықтық алаңда қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше баспасөз хабарламасы да шықты», – деді Асхат Оралов.
Ведомство басшысы заң алдында бүкіл қазақстандықтың құқығы мен міндеті бірдей екенін еске салды.
«Бұл – құқықтық алаң, әр адам кәсібіне, қызметіне қарамастан, өз сөзі мен әрекеті үшін жауап береді, оның үстіне жеке өмірі болса. Сондықтан ол өз әрекеті үшін құқықтық алаңда жауап береді», – деді министр.
«Бейбіт Шүменовке осы жағдайдан кейін Қазақстан аумағында спортпен айналысуға тыйым салына ма?», – деп сұрады журналист.
«Құқық қорғау орандарының жұмысынан кейін, қорытындысы шыққаннан кейін пікір білдірейік. Соттың тиісті шешімі шығады, содан кейін ғана түсінік бере аламын. Қазір біз киліге алмаймыз», – деді министр.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы елордалық сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар адамды ұрып-соқты деп айыпталған болатын. ІІМ бұзақылық жасаған адамның танымал спортшы Бейбіт Шүменов екенін растады. Кейін боксшы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да жанжалдан кейін баланың қауіпсіздігіне қатер төндірген азаматтың жауапқа тартылуын талап етті.
Кейін ІІМ боксшыны қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Бұл жанжалға Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі де үн қосты.