Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана базарында сатушы жалған ветеринарлық мөр басылған еттерді сатқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция мал ұрлығымен айналысатын адамдарды анықтауды, сондай-ақ ет және ет өнімдерін сату саласындағы құқыққа қайшы қызмет бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Елордада тәртіп сақшылары ІІМ КПД үйлестіруімен қала базарларының бірінде етті кедергісіз өткізу мақсатында жалған мөрді пайдаланғандарды анықтады. Ұсталған базар сатушысынан жеке тінту кезінде ветеринариялық бақылаудан өткені туралы ауыл шаруашылығы жануарларының ұшаларына мөр басу үшін "АЛДЫН АЛА ТЕКСЕРУ" жалған мөрі тәркіленді.
Ұсталған адамның АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ және зертханалық зерттеулер жүргізбеген аңықталды. Мөр бір айдан астам қолданылған.
Қазіргі уақытта Астана қаласы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберілді, күдіктіге ет өнімдерін сату бойынша нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылданады.
ІІМ хабарлағандай, ұсталған тұлғаға және базар әкімшілігіне мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар болуы мүмкіндігін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.