Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қалалық Есіл ауданында бес айға жуық пилоттық режимде CyberPol киберполиция бөлімшесі жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Polisia.kz сайтында «CyberPol» – бұл ІІМ цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру үшін іске қосқан пилоттық жоба» деп жазылған.
Қысқа мерзім ішінде құрамында бес тергеуші, бес жедел уәкіл және бір it-криминалист бар «CyberPol» соққы-нысаналы тобы 234 интернет-алаяқтықты ашып, сотқа 184 қылмыстық іс жіберген.
фото: polisia.kz