Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана мен Шымкентте заңсыз өндірілген алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар сатылған
Жаңалықтар

Астана мен Шымкентте заңсыз өндірілген алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар сатылған

28.11.2023
1 мин
0
545
Фото: ҚР ҚМА

Ақмола облысының, Астана және Шымкент қалаларының аумағында бір топ тұлға аса ірі көлемдегі бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан, деп хабарлайды Dauletten.kz.

​Олардың қызметін аймақтық прокуратураның үйлестірумен ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері әшкереледі.​Алтынды заңсыз өндіру, сатып алу, өткізу мен одан есепке алынбаған зергерлік бұйымдарды жасау және оларды сату бойынша барлық схема анықталған.

​2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бес күдікті Бестөбе кентінде «қара іздеушілер»заңсыз өндірген және қайта өңдеген алтынды сатып алумен айналысқан.

​Кейіннен алтын құймалары жолға қойылған арналар арқылы жеткізіліп, жерасты цехтарында белгілі сауда маркаларының есепке алынбаған зергерлік бұйымдары дайындалып, Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылған.

​"Тінту барысында 35 млн теңгеден астам сомаға 99,5% алтын бар 1 килограмнан астам алтын құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйымдар тәркіленді", - деп хабарлады ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Айтп кетейік, ​2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асқан.

​Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның 3 қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

​ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл