Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана қаласында жалға берілетін пәтерге құжат қабылдау басталады
Баспанаға бағыт

Астана қаласында жалға берілетін пәтерге құжат қабылдау басталады

24.02.2023
1 мин
2
2081

Астанада жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл 27 ақпанда елордалық «Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастайды, - деп жазылған хабарламада.

Атаулы бағдарламаға кез кезген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандық қатыса алады.

Тек төмендегі салаларда қызмет етуі керек:

  • 1) Білім беру;
  • 2) Денсаулық сақтау;
  • 3) Мәдениет;
  • 4) Спорт;
  • 5) Әлеуметтік қорғау;
  • Астана қаласы әкімдігіне бағынысты мекемелер;
  • 6) Астана қаласының полиция департаменті және оған бағынысты мекемелер;
  • 7) Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті және оған бағынысты мекемелер.

Жалға берілетін пәтер саны: 50. Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй. 1 шаршы метрді жалға алу құны – 1 455 теңге. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін.

Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар.

Құжаттарды қабылдау 27 ақпаннан 3 наурызға дейін сағат 10:00-23:59-ға дейін. Өтінімдерді қабылдау электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталында жүргізіледі.

Құжаттар тізімі:

  • 1) ЭЦҚ кілті;
  • 2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.

Егер сіз өтініш бергенде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижесі бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз, - деп жазылған хабарламада.

Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асады:

  • 1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
  • 2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан тұрғын үй компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8 800 080-44-48 ҚЖК жедел желі телефоны).

Өтінімді қарау нәтижесі кейін zhilfond.kz және Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы сайтында, сондай-ақ Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Фото: Tengrinews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гульзира 25.02.2023
Сонда госта жұмыс істемейтін жекеде жұмыс жасасаған әйелдер алалмайдыма? 12жыл кезекте тұрдық алалмадық бір үй! Әділет жок пара бергендер алды кетті!
Жауап беру
М
Майра 24.02.2023
Шымкент Алматы қаласында қашан болар екен өтініш беру
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл