Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада әдебиет пен өнер саласының үздіктеріне мемлекеттік стипендия берілді
Мәдениет

Астанада әдебиет пен өнер саласының үздіктеріне мемлекеттік стипендия берілді

03.01.2026
мин
0
92

Астанада әдебиет пен өнер саласында табысты еңбек етіп жүрген шығармашылық иелеріне мемлекеттік стипендия табысталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Марапатты Мемлекет басшысының атынан вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Биыл Президенттік стипендияға әдебиет пен өнер саласының 75 өкілі ие болды. Олардың қатарында елге танымал мәдениет қайраткерлерімен бірге шығармашылық жолын енді бастап келе жатқан қабілетті жастар да бар. Мемлекеттік қолдау олардың кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары елімізде мәдениет саласын қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қаржыландыру көлемінің артуының нәтижесінде республика бойынша 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар әдебиет пен баспа ісін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, жас қаламгерлерге арналған ынталандыру тетіктері енгізілді.

Мемлекеттік қолдау мәдениет пен өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанның рухани мұрасын халықаралық деңгейде танытуға жол ашып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл